Орал қаласы – Қазақстандағы əсем қалалардың бірі, 1932 жылдан Батыс Қазақстан
облысының орталығы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр
тұсында орналасқан.
Қаланың іргесі ХVІІ ғасырдың І ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын
əскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы деген атпен салынған болатын. 1613
жылы қала қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 1775 жылдан Жайық қалашығы
Орал қаласы болып өзгертілді.

Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды. Ірілері: Зачаганск, Деркөл, Круглоозерное,
Серебряково, т. б.
Қалада «Зенит» зауыты, «Омега», «Металлист», Орал механикалық зауыты, Орал
арматура зауыты, Орал полипласт зауыты жəне т.б. кəсіпорындар бар. Қала өзен
бойындағы ірі өзен айлағы болып табылады. Орал қаласында ХVІІІ ғасырда салынған
көптеген сəулет ескерткіштері сақталған.