Қарағанды – облыс орталығы, республи-
ка бойынша жер көлемі жағынан ең үлкен,
экономикалық əлуеті жағынан жетекші қа-
ланың бірі. Халық арасында Қарағандыны
«Кеншілер қаласы» деп атайды. Тарихына
көз жіберсек, бұл жерде алғашқы елді
мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір қазып алуға
байланысты пайда болған екен.
Қарағанды атауының мағынасы «қара-
ғаны көп жер» дегенді білдіреді.
Кеңестік кезең жылдары қанат жайып
өркендеген жаңа қалалар қатарына жатса
да, оның 170 жылдай тарихы бар.
1833 жылы қазақ жігіті Аппақ Байжанов
суыр інінің жанынан жылтыр қара тас тап-
қан. Оның тас көмір екендігі анықталып,
кейіннен осы маңда қала көтерілді. Ал 1936
жылдан облыс орталығына айналды.
Қарағанды – ірі өнеркəсіп орталығы.
Мұнда «Қарағандыкөмір», «Көміринвест»,
«Қарағанды маргарин зауыты», «Қара ған-
1910 көл бар. Олардың ірілері – Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты,
Шошқалы, Балықтыкөл, Шыбынды, Тассуат, Ащысу.
ды нан», «Қарағанды кəмпиті», машина жасау-құю зауыты жəне тағы басқа көптеген
кəсіпорындар бар.
Облыс жеріндегі табиғаты көркем жерлердің бірі – қарағай жəне қайың ормандары
көздің жауып алатын Қарқаралы өңірі.
Қарағанды – Қазақстанның мəдени жəне ғылыми орталықтарының бірі. Қалада
демалыс саябақтары, аквапарктер мен этнографиялық парктердің орны ерекше. Сондай-
ақ республикалық Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі мен ғылыми-
зерттеу жəне жобалау институттары, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, медициналық, поли-
техникалық, педагогикалық, кооперативтік институттар, арнайы орта кəсіптік білім
беру орындары, өлкетану мұражайы бар.