Қостанай облысы 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай
губернияларының негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан бар.
Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай жəне
Ұлыжыланшық өзендерінің алабына жатады. Қостанай облысында 7 мыңнан астам
көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұзды көлдердің ішінде кейбіреулерінің (Əулиесор,
Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік жəне
курорттық маңызы бар.
Облыс өндірісінің басты саласы – темір, боксит жəне асбест өндіріп, байытатын ірі
кəсіпорындары бар тау-кен өнеркəсібі болып саналады. Оған көмекші салалар есебінде
энергетика, машина жасау, металл өңдеу өнеркəсіптері дамуда.
Тау-кен өнеркəсібінің ірі кəсіпорындары – Соколов-Сарыбай (Рудный қаласында),
Қашар (Қашар кентінде), Лисаков (Лисаковск қаласында) кен байыту комбинаттары.
Бұларда Қазақстандағы темір кенінің 85%-ы өндіріледі. Жеңіл өнеркəсіп құрамында
мата тоқу, киім мен аяқ киім тігу кəсіпорындары бар.
Қостанай облысы – Қазақстандағы ең ірі егін жəне мал шаруашылығымен
айналысатын аймақ.

ҚОСТАНАЙ

Қостанай – Қостанай облысының орталығы. Ол Тобыл өзенінің жағасында
орналасқан. Қаланың іргесін 1897 жылы Ресей патшасының жарлығына байланыс ты
қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста Еділ бойы
мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған. Алғашқыда ол
«Николаевка» деп аталды. 1893 жылы бұрынғы Торғай облысында жаңадан енді ріл-
ген уездік аумақтық-əкімшілік бөлініске сəйкес оған «Қостанай» атауы берілді де,
Қостанай уезінің орталығына айналды. 1917 – 19 жылдары Қостанайда Кеңес үкім-
еті орнап, 1920 жылы сол кездегі Ақтөбе облысындағы өзімен аттас округтің, 1925
жылы губернияның, 1936 жылы жаңадан құрылған Қостанай облысының орталы ғы-
на айналды.
Бүгінгі таңда облыста тамақ, құрылыс материалдары, машина жасау мен металл
өңдеу, химия өнеркəсіптері жұмыс істейді.

Рудный

Рудный – Қостанай облысындағы қала (1957 жылдан). Ол Қостанай қаласынан
оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде, Тобыл өзенінің сол жағасында орналасқан. Іргесі
1954 жылы Соколов жəне Сарыбай ірі темір кендерін игеруге жəне Соколов-Сарыбай
кен байыту комбинатының салынуына байланысты қаланған.
Қала экономикасы мен өнеркəсібінің негізін Соколов-Сарыбай кен байыту
комбинаты құрайды. Оның құрамында Соколов жəне Сарыбай ашық кеніштері, 2
байыту жəне кен жентектеу фабрикалары бар. Комбинат үлесіне өнеркəсіп өнімінің
80%-ы, ал Қазақстанда өндірілетін темір кенінің 85%-ы тиесілі.
Рудныйда қара жəне түсті металлургия салаларында жұмыс істейтін кадрларды
даярлайтын политехникалық институт, индустриялық колледж, 6 кəсіптік-техникалық
жəне музыка, спорт мектептері бар.
Тобыл өзенінің жағасында демалыс саябағы, Сергеев пен Қаратомар бөгендері
салынған.