1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі туралы Заң
қабылданды. Мемлекеттік тəуелсіздіктің жариялануы – Қазақстан халқы үшін маңызды
оқиға.
1993 жылғы қарашаның 15-і күні мемлекетіміздің ұлттық валютасы – теңге
айналымға енді. Тəуелсіздік жарияланғаннан кейін республикада Қарулы күштер:
Жалпы əскери жасақ, Əскери əуе күштері, Шекара əскері құрылды. Ал 1997 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығымен біздің
Отанымыздың астанасы – Астана қаласы (Ақмола – Целиноград) болды. Тəуелсіз
Қазақстан Республикасы жаңа даму кезеңіне өтті.