Қыз Жібек

«Қыз Жібек» – көне заманнан бері ел аузында сақталып, жыр ретінде айтылып келген
ғашықтық жыр. «Қыз Жібек» жыры шамамен XVII ғасырларда хатқа түскен. Жыр ауыз-
ша таралғандықтан, түрлі нұсқалары көп. Алайда олардың арасындағы айырмашылық
аз. Жырдың мазмұны бойынша Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда
өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның ақылына көркі сай Жібек
атты қызын ұнатқандығы туралы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған
Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Алайда Жібекті қызғанып жол тосқан
Бекежан батыр Төлегенді қапыда өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Содан
Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың екінші бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді
іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан
азат еткендігі туралы жырланады.
«Қыз Жібек» жырында қазақ халқының өмірі, салт-дəстүрі, тұрмыс-тіршілігі, елдік,
ерлік істері көркем жырланады. 1970 жылы Сұлтанахмет Қожықов жырдың негізінде
түсірген «Қыз Жібек» фильмі үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Қозы-Көрпеш – Баян сұлу

«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» – ХІІІ – XІV ғасырлардан бастап ауызша жырланып,
қазақ арасында кең таралған ғашықтық жыр. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры тек 1870
жылдан бастап хатқа түскен. Жырдың жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны –
Жанақ нұсқасы. Г.Саблуков, Ғ.Дербісалин, А.Фролов, Ш.Уəлихановтар жырды алғаш
ел арасынан жинап, хатқа түсірген. Алматыда алғаш 1936 жылы Мұхтар Əуезовтің
басшылығымен Жанақ нұсқасы бойынша жарыққа шықты. Жыр ұлы сезімді, адалдық пен адамгершілікті дəріптейді. Жырда Қозы-Көрпеш
кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттелсе, Баян
адал ниетті, ақжарқын, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырдың мазмұны
аң аулап жүріп достасқан Сарыбай мен Қарабай дүниеге келмеген ұл-қыздарын күні
бұрын атастыруымен басталады. Сол аңда Сарыбай ұлды, Қарабай қызды болғаны
туралы хабар жетеді. Сарыбай аяқ астынан қаза табады да, Қарабай қызымды жетім
балаға бермеймін деп алыс жаққа көшіп кетеді. Жылдар өтіп, Баян асқан сұлу қыз болып
өседі. Малқұмар əкесі Қарабай қызын тоқсан мың жылқысын шөлден құтқарған Қодар-
ға бермек болады. Қозы-Көрпешті ешқашан көрмеген, бірақ Ай, Таңсық атты əпке лері-
нің айтуымен білетін Баян оны аңсап күтеді. Қозы-Көрпеш атастырылған қалың ды ғын
іздеп сапарға шығады. Аңсаған ғашықтар бірін-бірі тауып қауышқан кезде Қозы опа сыз
Қарабай мен Қодардың қолынан өледі. Бұл қайғыны көтере алмаған Баян сұлу өз-өзіне
қанжар салады. Сөйтіп, жыр екі ғашықтың қайғылы қазасымен аяқталады.
«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жыры – туыстас түркі халықтарына ортақ жыр. Мəселен,
жырды башқұрт халқында «Қозы Курпəс мəнəн Маян сылу», ал татарларда «Қозы
Көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп атайды.
«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырының негізінде 1954 жылы Ғабит Мүсіреповтің
сценарийі бойынша «Махаббат дастаны» кинофильмі түсірілді.

Айман – Шолпан

«Айман – Шолпан» – лиро-эпостық жыр. Жырдың оқиғасы, негізінен, ХІХ ғасырдың
алғашқы жартысындағы қазақ елінің əлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын
қамтиды. Жырда бейнеленген Көтібар, Арыстан, Есет сияқты кейіпкерлер – тарихта
болған адамдар. Жырда жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының
азаттығын көксемейді, ол ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды əрі өжет
мінезді қыз ретінде суреттеледі. Жырда Көтібар бейнесі арқылы батырлықтың көрінісі
көмескіленіп, ел ішіндегі ұсақ-түйекке айналғанын көрсетеді. М.Əуезовтің 1934
жылы «Айман – Шолпан» жыры бойынша жазылған музыкалық драмасы Қазақтың
мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында көп жылдар бойы орындалып
келеді. 1960 жылдан драмалық театр сахналарында да қойыла бастады.
«Айман – Шолпан» жырын алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Ж.Шайхысламұлы.
Жырдың бұдан басқа үлгілері кездеспейді. 1896 – 1913 жылдар аралығында Қазан
баспасынан бірнеше рет жеке кітап болып басылып шықты. Төңкерістен кейін де 1913,
1939, 1957 жылдары қайтара басылды.


Еңлік – Кебек

«Еңлік – Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Өмірде болған
ғашықтар Еңлік пен Кебек туралы хикаялар XVIIІ ғасырдан бастап ел арасына кең
тараған. Бұл екі жастың тағдыры халық арасында аңызға айналған.
«Еңлік – Кебек» оқиғасы хақындағы алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала
уəлаяты» газетінде жарияланады. Осы күнге дейін жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек»
дастанының бізге белгілі екі нұсқасы бар. Оның екеуін де тақырып ретінде Абай ата-
мыз ұсынған. Бұл ұсынысты қабыл алып, жырды жазғандардың бірі – Абайдың немере
інісі Шəкəрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығармасы,
ал екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Бұл поэма 652 жолдан
тұрады. Көлемі шағын болғанымен, оқиғаға бай шығарма. Шəкəрім нұсқасы 1988
жылы екі қайтара жарық көрді. Бұл жыр 1912 жылы Семейдегі «Жəрдем» баспасынан
жеке кітап болып жарық көрген. М.Əуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия
Абайұлы дастаны тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта
алғаш рет жарияланды. М.Əуезов «Еңлік – Кебек» поэмасының арқауымен осы аттас
трагедиялық пьеса жазды.


Қалқаман – Мамыр

«Қалқаман – Мамыр» – ғашықтар дастаны. «Қалқаман – Мамыр» 1722 жылы
болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Жырдың авторы – Шəкəрім
Құдайбердіұлы. Жырдың мазмұны бойынша, Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық
болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, «дəстүрді
бұзғаны үшін» екі жас өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан
қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің «Енді жазадан
құтылдың» дегенін тыңдамай, елге өкпелеп, Бұхара жаққа кетеді. Дастанда Қалқаман-
ның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Дастан сюжеті екі жастың
арасындағы кіршіксіз махаббатқа, ел ішіндегі озбырлық пен қатыгездікке құрылған.
«Қалқаман – Мамыр» дастаны алғаш 1892 жылы «Дала уəлаяты» газетінде
жарияланды. Ел аузында «Қалқаман – Мамырдың» бірнеше нұсқасы бар.