Ағайын-туыс деп бір рудан, тайпадан өсіп, өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігін
айтады. «Ағайын» немесе «туыс» деп те атала береді. Бұлар бір қауым, бір ауыл
болып, бір-біріне қамқорлық жасап, қиын сəтте қол ұшын беруге міндетті. Туыстар
тату, бірлікшіл, бір-біріне қорғаныш болуы керек. Туыстар жеті атаға дейін туыстықты
үзбейді жəне қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары жиылып, боз
бие сойып, баталасып, қыз алысып, қыз беруге рұқсат етеді. Бұл дəстүр бүгінге дейін
сақталып əрі жалғасып келеді.
Қазақ халқы тек руласын ғана емес одан əрідегі қандас тайпалардан тарағандарды да
жақын тартып туысқан болады.
Ата (ер) – əкенің əкесі.
Əже (əйел) – əкенің шешесі.
Əке (ер) – отбасының иесі.
Ана (шеше) – өзіңді дүниеге əкелген адам.
Бала (ұл, қыз) – ата-анадан тараған ұрпақ.
Немере – ұлдың баласы.
Шөбере – немеренің баласы.
Ағайындылар – бір ата-анадан туған ұл мен қыздар (жəне туысқандар).
Аға (ер). Бір əке-шешеден туған (немесе ағайын-туыстардың) жасы үлкен жігіт өзінен
кішілерге «аға» болады.
Іні (ер). Ағайынды адамдардың жасы кішісі үлкендерге «іні» болады.
Апа (əйел). Бірге туған жəне туыстардың жасы үлкені өзінен кішілерге «апа»
болады.
Қарындас (əйел). Ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағаларына «қарындас»
болады.
Сіңілі (əйел). Ағайынды қыздардың кішісі үлкендерге «сіңілі» болады.
Жеңге (əйел) – ағаның əйелі.
Қайын іні (ер). Жеңгелер үшін күйеуінің інілері «қайын іні» болады.
Қайын сіңілі (əйел). Жеңгелер үшін күйеуінің қарындастары «қайын сіңілі» болады.
Келін (əйел). Інінің əйелі келін деп аталады. Бала мен немеренің əйелдері «келін
бала» болады.
Абысын (əйел). Ағайынды жігіттердің əйелдері бір-біріне «абысын» болады.