Нағашы – ананың төркін жұрты балаға (жиенге) нағашы деп аталады. Нағашы жұртың
«сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін əрқашан
еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы
да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиенін күндемейді,
керісінше, оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады.
Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.
Нағашы жұрттың еркек-əйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы
қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы ата», «нағашы əже» деп атайды.
Жиен – қыздан туған бала. Нағашы ауылы үшін ерке, аса қадірлі. Ол нағашыларынан
үш рет қалаған нəрсесін алуға құқылы. Оған ұрсуға, сөзін кектеуге болмайды.
Жиеншар – жиеннен туған бала. Ол да əкесі сияқты жиендік ғұрыпты
жалғастырады.
Бөле – апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады. Бір-бірімен өте
тату болады.