Ежелгі қалыптасқан дəстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің басты жол-
жоралғысы – құда түсу, қалың мал беру. Жігіт үйленер алдында өзіне ұнайтын теңін
іздестіреді. Мұны «қыз көру», «жар тандау» дейді. Кейде оның ата-анасы атастыруы,
яғни ғұрыптық салт бойынша алдын ала қыздың əке-шешесімен келісуі де мүмкін.
Екі жақ келісіп, құйрық-бауыр жесіп, баталасқаннан кейін қыз айттырылған немесе
атастырылған болып саналады. Қазақ халқында тұрмысқа шығатын бойжеткен мен
айттырылған қызды қалыңдық деп айтады. Қалыңдық атауы «қалың мал» сөзінен,
яғни мал беріп əйел алуға байланысты шыққан. Құда түсуден соң алдын ала қалың мал
төленеді. Келісілген мерзімде жастар міндетті түрде қосылатын болған. Қалыңдықтың
басқа адамға шығуына қатаң тыйым салынған.