Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі пар­тизан, көзі тірісінде аты аңыз­ға ай­налған халқымыздың қайта­лан­бас біртуар даңқты перзенті

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/d/df/%D2%9A%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BC_%D2%9A%D0%B0%D0%B9%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2.png/200px-%D2%9A%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BC_%D2%9A%D0%B0%D0%B9%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2.png

http://massaget.kz/userdata/news/news_4241/thumb_b/photo.jpg

http://www.np.kz/old/2007/04/pic/lu1.jpg

1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 жел­тоқсан күні 89 жасқа қараған ша­ғында ауыр науқастан дүние салды.
1934 жылы мектеп бітірген­нен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павло­дар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.
1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның бас­қыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы пар­тизан құрамасының үшінші отря­дын басқарады. Одан кейінгі кез­дерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.
Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға ора­лып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.
Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашы­лығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.
1951-1954 жыл­дары Қазақстан Компартиясы Орта­лық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудар­ма­шылар бөлімінде оқиды.
1953-1972 жылдар аралығында «Жазу­шы» баспасы директорының орын­басары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» бас­пасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.

Қайсенов Ұлы Отан соғысы­ның қиын-қыстау кезеңін, жауын­герлердің жанқиярлық ерлігін шы­найы суреттеген, оқушы жұртшы­лыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.
1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизан­дары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге ауда­рылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

Қайсенов «Богдан Хмельниц­кий», «Отан соғысы», «Чехосло­вакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Ке­ңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағы­ның Бауыржан Момышұлы атын­дағы әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстанның халық қаһарманы.